Сот тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімін жаңбыр суының кәрізін қалпына келтіруге міндеттеді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Арқалық қаласының тұрғыны Арқалық қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімін жаңбыр суының кәрізін қалпына келтіруге міндеттеу және моральдық зиян өндіру туралы талабымен сотқа жүгінді.

Талап қоюшы сотта оның үйінің жанында 2023 жылы жазда ағын (нөсер) судың кәрізінде топырақ опырылып, нәтижесінде жаңбыр жауған уақытта үйін су басатынын, лай мен қоқыстың тазартылғаны туралы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің жауаптары шындыққа жанаспайтынын, іс жүзінде ешқандай жұмыстар жүргізілмегенін көрсетті

Жауапкер сотта талаппен келіспей, мердігер жаңбыр суының кәрізін тазарту жұмыстарын уақтылы жүргізгенін, 2024 жылға даулы жерде құбырларды ауыстыру жоспарланғанын, 2023 жылдың қыркүйегінде  аталған жерді су басып, су сорғыларын қосу арқылы кәріз жүйесінің жұмысын қалпына келтірілгендерін, бұл күндері даулы жер бақылауға алынғанын уәждеді.

Сотта талап қоюшының тұжырымдары ішінара расталды.

Сот Арқалық қаласы бойынша жалпы қалалық су кәріздерінің коммуналдық меншікке жататынын, есебінде тұрғандығын және жауапкер қызмет көрсетуі тиіс екенін анықтады. Жаңбыр жауып, қар еріген кезде мол судың жиналуы қиындық туғызады, тазалаудан кейін кәріздегі кептеліс жойылмаған және проблеманы растайтын фотосуреттер мен  бейнежазбалар бар.

Сонымен қатар, іс сотта қаралып жатқан кезде, кәріздің дұрыс жұмыс істемеуі салдарынан, талап қоюшының үйін қайтадан су басқан.

Сот тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімін жаңбыр суының кәрізін қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге міндеттеді.

Моральдық зиянды өтеуден  бас тартылды, себебі, талап қою мүліктік құқықтарды қорғау мақсатында берілген.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Арқалық қалалық соты