Сот ЖКО ісі бойынша істі қарады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

3911-24-00-1/78

Қостанай қаласының №2 сотында автокөлікті басқарушы адамның абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін Т. - ға қатысты қылмыстық іс қаралды (ҚК 345-бабы 3-бөлігі).

Сотта анықталды:

17.08.2023 жылы жүргізуші Т. «ВАЗ 21099» маркалы автомашинаны басқара отырып, Қостанай қаласындағы Алтынсарин-Тәуелсіздік көшелері қиылысында бағдаршамның рұқсат беру сигналына жол қозғалысының қауіпсіздігіне көз жеткізбей, "солға бұрылу" маневрін жасау кезінде қарсы қозғалыс жолаққа шығып  "ToyotaCamry 55" маркалы қарсы келе жатқан автокөлікке жол бермейді. Ал "ToyotaCamry 55" маркалы автокөлік жүргізушісі М. көліктете балалар ұстау құрылғысымен жабдықталмаған 2023 жылы туған нәрсетенің болуына қарамастан  белгіленген жылдамдық шегінен асып, "ВАЗ 21099" маркалы автокөліктің оң жағына соқтығысқан. Соқтығысу нәтижесінде "Toyota Camry 55" маркалы автокөлігі қарсы қозғалыс жолағына шығып, "Volkswagen Golf 3" маркалы автокөлігімен бетпе-бет соқтығысқан, көліктегі жас жолаушысы алған дене жарақатынан балалар ауруханасының реанимация бөлімшесінде қайтыс болған, "Volkswagen Golf 3" маркалы автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы орташа дене жарақатын алды.

М.-ға қатысты қылмыстық іс тараптардың татуласуы негізінде ҚК-нің 68-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу сатысында тоқтатылды.

Тараптардың ұстанымы:

Сот талқылауы барысында сотталушы Т. прокурормен кінәсін мойындау туралы іс жүргізу келісімін жасасты, келісімде прокурор оны кінәлі деп танып,  шартты түрде 2 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Сотта сотталушы Т. кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкініп, барлық жәбірленушілерге келтірілген залалды өз еркімен өтеді.

Жәбірленушілер кінәні мойындау туралы мәміле түрінде іс жүргізу келісімін жасауға келісті, өйткені сотталушылардың моральдық және материалдық талаптары қанағаттандырылды, бас бостандығынан айырмауды сұрады.

Жаза бойынша:

ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігінің санкциясы 5 жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

Сот жазаны тағайындау кезінде жауапкершілік пен жазаны жеңілдететін жағдайлар ретінде - кінәсін мойындау, шын жүректен өкіну, залалды толық ерікті түрде өтеуді таныды.

Сот қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайларды анықтаған жоқ.

Іс жүргізу келісімінің шарттарына сәйкес, сондай-ақ жасалған іс-әрекеттің жеке басын, сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін, іс бойынша барлық жағдайларды ескере отырып, сот қылмыстық кодекстің 63-бабын қолдана отырып, 2 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны шартты түрде, пробациялық бақылауды белгілей отырып тағайындады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Қостанай қаласының №2 соты