Сотқа сыйламаушылық көрсеткені үшін әкімшілік қамаққа алынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қостанай қалалық сотының қарауына облыстық туберкулезге қарсы диспанкердің шағымы бойынша жауапкер А.-ны мәжбүрлі түрде емдеу туралы азаматтық істі қарау кезінде сотпен жауапкерді әкімшілік жауапкершілікке тарту тура қаулы шығарылды.

Жауапкер 1989 ж.т. А. ҚР ӘҚБтК-нің 653 бабының 1 бөлімі бойынша жауапкершілікке тартылып, 5 тәулікке әкімшілік қамауға алу түріндегі жазаға тартылды.

Азаматтық іс бойынша сот отырысының ағымдағы жылдың 11 қыркүйегіне сағат 15.00-ге белгіленгені туралы тиісті түрде хабардар болған жауапкер сот отырысына ішімдік ішіп, мас болып келген. Осылайша сотқа сыйламаушылық танытқан.

ҚР ӘҚБтК-нің 653 бабының 1 бөліміне сәйкес, Процеске қатысушылардың және өзге де адамдардың қатысуынсыз соттың iстi одан әрi қарауы мүмкiн болмайтын жағдайларда, олардың шақыру қағазы, хабарлау, хабардар ету немесе шақыру бойынша сотқа дәлелді себептерсіз келмеуінен, сот отырысында төрағалық етушiнiң өкiмдерiне бағынбаудан, сотта белгіленген қағидаларды бұзудан көрiнген сотты құрметтемеушiлiк, сондай-ақ сотты және судьяны құрметтемеушiлiк туралы анық көрінетін өзге де әрекеттер –ескерту жасауға не жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.

Источник: 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі