Ұйықтап жатқан бұрынғы жұбайын мерт қылған еркекке қатысты сот үкімі шықты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотыа ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлігі 3,7-тармақтары бойынша (адам өлтіру) айыпталған 1968 жылы туған Евгений Пономаревқа қатысты сот үкімін шығарды.

Іс материалдары бойынша, ағымдағы жылдың 29 қаңтарында сағат 15.00 шамасында Қостанайдағы үйінде алкогольдік мас күйде болған Е.Пономарев өзінің 1985 жылы туған күйеу баласы Артур Бадретдиновке телефон шалып, бұрынғы әйелін өлтіруге көмектесу үшін  досы Никита Семеняченкомен келуін сұрайды. Пономарев адам өлтіру барысында кімнің немен айналысатыннын да белгілеп қойған. Бірі аяғынан, бірі қолынан ұстайды, ол өзі тұншықтырады. Күйеу бала көмек беруге келіседі.

Сол күні сағат 18.00 шамасында Пономарев тағы да туысына қоңырау шалып, істі тындыру үшін келу керектігін айтады. Бұрынғы жұбайы бұл уақытта ішімдікке мас күйінде оның үйінде ұйықтап жатқан.

Адамды өлтіру жоспарланған сценарий бойынша жүзеге асырылған. Пономарев ұйықтап жатқан жұбайын жастықпен тұншықтырған, ал қалған екеуі әйелдің қол аяғын ұстап тұрған.

Сот үкімімен олар ҚР ҚК 19299-бабы 2-бөлігі 3,7-тармақтары бойынша (адам өлтіру) бойынша айыпты деп танылып, Е.Пономаревке  қылмыстық-атқару жүйесінің төтенше қауіпсіз мекемесінде 17 жылға бас бостандығын айыру, А.Бадретдиновке 16 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Н.Семеняченкоге аталған бап бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде 15 жы 1 айға сотталды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі