Жол-көлік оқиғасы орнынан жасырынған жүргізушіге 227 000 теңге айыппұл салынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Орын алған жол-көлік оқиғасында өз кінәсін мойындамаған Қостанайдың 32 жастағы тұрғыны көлікті өзі басқармағанын айтады. Алайда дәлелдемелер мен куәгерлер айғағы оның сөзін  жоққа шығарады.

Іс материалдары бойынша, ағымдағы жылдың 7 қаңтарында  кешкі сағат 10 шамасында азамат А. «Ваз 21099» маркалы автокөлікті жүргізіп келе жатып Абай көшесіні бойында жол-көлік оқиғасына жол бере тұра оқиға орнынан жасырынып қалады. Осылайша ол, ҚР ӘҚБтК 611-бабы 3-бөлімімен (жүргізушінің жол-көлік оқиғасына байланысты міндеттерді орындамауы) қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылыққа жасаған.

Азаматтың мәлімдеуінше, оқиға кезінде көлікті өзі екі күн бұрын танысқан Женя атты азамат басқарған. Оның атынан басқа ол туралы еш мәлімет білмейді.

Алайда жол-көлік оқиғасында зардап шеккен екінші көліктің жүргізушісі оқиға кезінде рөлде оның отырғанын айтты. Полиция қызметкерлері Абай көшесінен аталған көлікті анықтаған кезде рөлде азамат А. отырған.

Істің барылқ мән-жайын ескерген сот азамат А-ны әкімшілік құқық бұзушылықта айыпты деп танып, оған 100 АЕК көлемінде айыппұл салды.      

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі