Сыбайлас жемқорлық

Қостанайда сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны үшін «Жастар саясаты мәселесі жөніндегі басқармасы» ММ экс-басшысы жазаланды

14/07/2015

Бүгін, 14 шілдеде Қостанайда «Жастар саясаты мәселесі жөніндегі басқарма» ММ-нің экс-басшысы 1984 ж.т. Т.Шөкеновке және кәсіпкер 1958 ж.т. В. Чистыйге қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімі шықты.

Тергеу материалдары бойынша, Қостанай қаласында «Қостанай облысының жастар саясаты мәселесі жөніндегі басқармасы» ММ басшысы қызметін атқарған Т.Шөкенов 2014 жылдың қыркүйегінен желтоқсаны аралығында жеке кәсіпкер Чистыйдің көмегімен иемдену арқылы бюджет қаражатын жымқырған.