зиян

Қылмыс нәтижесіндегі мүліктік зиянды өтеу

19/05/2014

Жітіқара аудандық сотына талапкер М. азамат С.-дан 15 000 теңге мөлшеріндегі соманы өтеу туралы талабымен жүгінген. Өз талаптарын ол 2013 жылдың 16 қарашада азамат С. бөтен мүлiктi жасырын ұрлау жасап, оған 15 000 теңге мөлшерінде материалдық зиян келтірген. Қазіргі уақытта зиянның орны толтырылмаған. Жауапкердің кінәлігі 2014 жылғы 25 ақпанда шығарылған сот үкімімен анықталған.

Жауапкер сот отырысында талапты толық мойындады.

Талапкердің талабы толық көлемде қанағаттандырылды.

Бюджет қаражатын ұрлау

26/03/2014

 

Жітіқара аудандық сотының үкімімен ҚР ҚК-нің 176-бабы 3-бөлігі "б,г"-тармағы мен 314-бабы 1-бөлігінде көзделген қылмыстарды жасауда 1967 жылы туған азаматша К. кінәлі деп танылды. Үш жылға дейiнгi мерзiмге мемлекеттік қызметпен айналысу құқығынан айырылып, мүлкi тәркiленiп, оған жалпы тәртіптегі түзеу колониясында жазасын өтеумен бес жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

ҚР ҚК-нің 72-бабы 1-бөлігіне сәйкес К-ға тағайындалған жаза мерзімі бес жылға дейін кейінге қалдырылды.

Материалдық зиянды өтеу

12/03/2014

Ағымдағы жылдың 27 қаңтарында Арқалық қаласы Ақбидай ауылының тұрғыны тоқ беру желісі электр сымының үзілуі салдарынан 2011 жылғы 15 сәуірде ток соғып өлген үш бас ірі қара малдың құны 528 000 теңге материалдық зиянды өндіру туралы талап арызбен сотқа жүгінген.

Сот, тиісті емес жауапкерге берілгендіктен талап арызды қанағаттандырудан бас тартуды, нақты сол желінің үзілуі болған жер учаскесі баланстық тиістілікте болмауы материалдық жауапкершіліктен босатуға әкеп соғады деген «Костанайюжэлектросервис» МКК өкілінің айтқан уәждерін дәлелсіз деп есептеді.