"Қазпошта" АҚ-ға берілген талап

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жітіқара аудандық сотына азамат Н. «Қазпошта» АҚ-ға зейнетақы алатын  банк шотына тыйым салуды алу және моральдық зиянды өндіру туралы талап арызымен жүгінген. Талабында 2006 жылы «Қазпошта» АҚ-мен шарт негізінде шот ашқанын, оған ай сайын зейнетақы аударылғанын, алайда 2013 жылғы желтоқсаннан «Қазпошта» АҚ бас тарту себебін түсіндірмей, төлеуді тоқтатқанын айтқан.

Соның нәтижесінде үш айы бойы мемлекет тағайындаған зейнетақысын ала алмауда. Қандай құжаттар негізінде шотына тосқауыл қойылған туралы жүгінуіне жауап берілмеген.

Денсаулық жағдайына байланысты үнемі дәрімен емделіп жүруді қажет ететін жасы ұлғайған кісі зейнетақысы берілмегендіктен қарызға ақша алуға мәжбүр болып,  зейнетақысы бола тұра қарыз сұрап жүргені үшін ұялуда.

Талапкер өкілі талапкер атына зейнетақы алу үшін ашылған "Қазпошта" АҚ шотын ашып, АҚ-дан 100 000  теңге көлемінде моральдық зиян өндіруді сот міндеттесін деп сұраған.

Сот отырысында "Қазпошта" АҚ өкілі талапкер шотына тосқауыл қою және ол бойынша операциялар тоқтату  қолданыстағы заңды бұзудан болды деуде, өйткен "Қазпошта" АҚ-ға салық комитетінен инкассолық өкімдер немесе басқа да азамат Н. шоты бойынша банк операцияларын жасауға тыйым салу туралы салық органының шешімдері түспеген,  ал "Қазпошта"  АҚ-да ондай өкілеттіліктер жоқ. Моральдық зиянды өтеу туралы талапты танымады.

Сот шешімімен азамат  Н. талап арызы толық қанағаттандырылды.

Сот "Қазпошта" АҚ Қостанай облысы Жітіқара АПБТ ашылған шотын ашуын міндеттеді. Талапкер пайдасына 50 000  теңге көлемінде моральдық зиян өндірілді.

"Қазпошта" АҚ Қостанай облысы Жітіқара АПБТ ашылған шотын ашу бөлігіндегі шешім дереу орындауға жатады. 

Шешім заңды күшіне енген жоқ.