Архив событий

12/08/2014

Қостанай қалалық сотының атына алғыс хат

12/08/2014

Қостанай облыстық соты төрағасының атына «Жарық» Қостанай облысы заңгерлер бірлестігі» ҚБ төрағасының атынан  алғыс хат түсті.

Онда қоғамдық бірлестіктің мониторинг өткізгені, нәтижесінде Қостанай облысында сот төрелігін атқару азаматтар сұраныстары мен мүдделеріне жауап беретіні, қостанайлықтардың облыс соттарына деген сенімі өскендігі баяндалған.

Сонымен қатар, хатта Қостанай қалалық соты судьялары мен сот төрағасы М.Наймановтың атына ерекше алғыс сөздер айтылған.

Қостанай облыстық сотының қаланың коммуналдық қызметтерімен өзара әрекеттестігі

12/08/2014

Қазақстан Президенті Н. Назарбаевтың «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауының басты басымдығының бірі - сот төрелігінің ашықтығы мен қол жетімділігі.

Елбасы барлық мемлекеттік органдарда жаңа ақпараттық технологияларды енгізу мен пайдалануға айрықша назар аударуда.