Архив событий

18/08/2014

Бұлтартпау шарасы ретінде – қамауға алу

18/08/2014

2014 жылы 15 тамызда Лисаков қалалық сотына азамат Н.-ге қатысты бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу өтініші келіп түсті.

Азамат Н. 2014 жылы 29 шілдеде сағат 03:00-де Қостанай облысы Лисаков қаласының 4 ықшамаудан 1-үйдің қасында алкогольды мас күйінде болып, сараптама қорытындысы негізінде 12-колибрлі

аңшылық оқпен ататын МЦ 21-12 маркалы №6069 мылтық болып табылған салқын қарумен жәбірленуші азаматша П.-нің зал бөлмесі мен ас болменің терезелеріне 5 рет оқ атқан.

Мүліктік және кіріс туралы декларацияны уақытылы тапсырмағаны үшін 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды

18/08/2014

Қарасу ауданының №2 соты  өзі теріс қылық үшін мемлекеттік қызметтен босатылған тұлға ретінде 31.03.2014 жылға дейін табыс етуге міндетті салық салудың нысаны болып табылатын табысы мен мүлкі туралы 2013 жылғы декларацияны қасақана ұсынбаған азамат М.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

230.00 нысанды декларацияны азамат М. тек 05.08.2014 жылы ғана ұсынған, сотта құқық бұзушы кінәсін мойындамай, декларация табыс ету қажеттілігі туралы білмегенін айтты.