Архив событий

28/08/2014

Иелену мерзімі

28/08/2014

27.08.2014 ж. Федоров аудандық сотында арыз беруші азаматша Я. иелену мерзімі бойынша тұрғын үйіне құқық меншігін тану туралы арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Ол  2005 жылы тұрғын пәтерін сатып алған, бірақ пәтерді уақытында өз атына тіркемеген. Азамат Я. сол пәтерде  9 жыл тұрады, барлық коммуналдық төлемдерін төлеп, өз мүлігіндей ашық пайдаланады.

Сот шешімімен  арыз толық қаңағаттандырылды.

Шешім заңды күшіне енбеді.         

Ұсақ бұзақылық

28/08/2014

25.08.2014 жылы Аманкелді аудандық сотына Аманкелді АІІБ-нен осы ауданның тұрғыны азаматша Е.-ға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 330 бабы 1 бөлігімен (ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларды қорлап тиiсу, тұрғын жайларды қорлау, ортақ пайдалану орындарын, саябақтарды, скверлерді ластау, оның ішінде белгіленбеген орындарда коммуналдық қалдықтарды шығару және қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын, төңiрегiндегiлердi сыйламаушылықты бiлдiретiн басқа да осындай iс-әрекеттер) жиналған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс түсті.

Дауды медиатордың қатысуымен медиация тәртібінде реттеу туралы келісім бекітілді

28/08/2014

Қостанай облысының МАЭС-мен талапкер «К» ЖШС-нің жауапкер «С» ЖШС-не 9 366 500 теңге мөлшерінде емханалық тазарту қызметі көрсетілгені үшін қарызды өндіріп алу туралы азаматтық істі қарады.

Аманкелді аудандық сотта

28/08/2014

27.08.2014 жылы Аманкелді аудандық сотында Қазақстан Республикасының Конституция күніне байланысты салтанатты жиын өтті. Жиналыс барысында аудандық соттың төрағасы Т. С. Байкин қатысушыларды еліміздің Конституция күнімен құттықтап, жұмыста зор жетістіктер тіледі. Сонымен қатар, қызметтік міндеттерін мінсіз орындағаны үшін аудандық соттың бас маманы – сот мәжілісінің хатшысы А. Ж. Утеулинаны, аға сот приставы А. Д. Шықановты және техникалық қызметкер М. С. Ахметованы мадақтамалармен марапаттады.

Тобыл кентінде болған жол-көлік апаты бойынша қылмыстық іс қаралды

28/08/2014

Таран аудандық сотында қылмыстық іс қаралды. Қостанай облысы Тобыл ауылында 2014 жылы 06 маусымда сағат 01:30 болған жол-көлік апаты оқиғасының кінәлі сот алдында жауап берді.

Сотталушы П. орташа дәрежелі алкогольды мас күйінде болып, «BMW-5» маркалы автокөлікпен Вокзальная көшесінің ортасымен Тобыл ауылынан шығатын жолға қарай жолда жүріп келіп, №173 үйдің қасында қарама-қарсы жүріп жаяу келе жатқан У. азаматты соғып кеткені алдын ала тергеу мен сот мәжілісі барысында анықталған.