Архив событий

26/08/2014

Қайырымдылық көмек

26/08/2014

Науырзым аудандық сотының ұжымы  дәстүрлі  Республикалық  «Мектепке жол» атты қайырымдылық  акциясына  қатысты. Жамбыл бастауыш  мектебінің 2 сынып оқушысы Хамзин Санжарға  сот ұжымы  кеңсе заттары және оқушы киіміндсатып алды. Отбасы көп балалы деп танылады, отбасында мектеп жасындағы бес бала бар. Санжарға оқуда алда болуын тілейміз.

Борышкер сот актісі бойынша қойылған талаптарды орындамағаны үшін 5 тәулік әкімшілік қамауға алынды

26/08/2014

 04.06.2014 жылғы қаулыға сәйкес азамат К-ден мемлекет пайдасына 18520 теңге айыппұл өндірілді. Азамат К. орындау мерзімі ішінде айыппұлды төлеу үшін ешқандай шаралар қолданған жоқ, сот актісін орындаудан жалтарып жүр.

Сарыкөл ауданында сот мәжілісінде құқық бұзушы өз кінәсін мойындап, хаттамада баяндалған мән-жайларды қуаттады, айыппұл сомасын қыркүйек айында төлеуге міндеттенді.

Жылжымайтын мүлікті уақытында тіркемеу

26/08/2014

2014 жылғы 28 шілдеде Жітіқара ауданының әділет басқармасының «Қостанай облысының қызмет көрсету орталығы» ММ-не жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу бөліміне  2012 жылғы 19 қыркүйекте заңдық факті болған жер учаскесіне жеке меншік құқығына мемлекеттік тіркеу туралы азаматша Е-ның арызы түскен.