Архив событий

13/08/2014

Қостанай облыстық соты «Сот кабинеті» ақпараттық сервисін таныстыру рәсімі бойынша дөңгелек үстел өткізді

13/08/2014

Бүгін Қостанай облыстық сотында «ҚазТрансГазАймақ» МКҚ,  «Қазақтелеком» АҚ және Қостанай қаласының он жеті жеке меншік пәтерді тұтынушылар кооперативі өкілдерінің қатысуымен «Сот кабинеті» ақпараттық сервисін таныстыру рәсімі бойынша дөңгелек үстел өтті.

Кеңсе басшысы Н.Ж.Қатарбеков кіріспе сөзінде: -Жаңа технологияларды енгізу - уақыт талабы, сондықтан облыс соттарының міндеті мемлекеттік мекемелері мен жұртшылыққа «Сот кабинеті» ақпараттық сервисі арқылы сотқа жүгіну мүмкіндігін ұсынып, барлық мемлекеттік ведомствалар арасында өзара әрекеттестікке қол жеткізу керек, деді.

Туыстар арасында болған кісі өлімі

13/08/2014

Қарабалық ауданында ішімдік ішу отырыстары пышақтасумен аяқталатыны  сирек кездесетін жағдай емес. Көп жағдайда соңы қайғымен аяқталатын мұндай отырыстар туыстар арасында болады. Ішімдікке тойып алған адамдар бір-бірлеріне жағдайларын айтып, кісі өліміне дейін жетеді.

Қарабалық ауданының қылмыс тарихында әйелі ерін, күйеу баласы енесін, ұлы анасын өлтірген жағдалар орын алған. Күйеу баласы әйелінің әкесін өлтірген жағдай бойынша Қарабалық аудандық сотының қамау түрінде бұлтартпау шарасын санкциялағанына бір айдан ғана асты.