Архив событий

04/08/2014

Қостанай облыстық сотының Оқу орталығы семинар сабақтарын өткізді

04/08/2014

Қостанай облыстық сотының Оқу орталығы 2014 жылғы 1 тамызда облыс судьяларының қатысуымен мамандандыруға сәйкес: «ҚР ҚК мен ҚР ҚІЖК - заңдарының жаңа нормаларын зерделеу» және «ҚР АІЖК –заңының жаңа нормаларын зерделеу» тақырыптары бойынша семинар сабақтарын ұйымдастырып, өткізді.

Электр қуатының артуы

04/08/2014

19.06.2014 жылы Жітіқара қаласында Шахтеров көшесінде жауапкер "Житикаракоммунэнерго" МКК кінәсі бойынша электр қуатының артуы орын алған, соның салдарынан азаматша Д.-ның  мұздатқышы және телефоны істен шыққан. Жауапкерден тұрмыстық техникасын жөндеуіне кеткен 10 200 теңге мен 222 теңге сот шығынын өндіріп алуын сұрады.

Жауапкердің өкілі Х. сот отырысында талапты толық мойындап, сотта желінің фазалық және нөльдік сымдарының оралуынан Жітіқара қаласы Шахтеров көшесі тұрғындарының электр құралдары істен шыққанын айтты. Зиян мөлшерін дауламайды.