Жаңалықтар

Федоров аудандық сотында өткен дөңгелек үстел

16/04/2014

2014 жылғы 15 сәуірде Федоров аудандық сотында «Атқарушылық іс жүргізу жөніндегі заңнамадағы мәселелер мен өзгерістер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел жұмысына сот судьялары, Федоров аудан прокуроры, Федоров АІІБ басшысы, Федоров ауданының аумақтық сот орындаушылар бөлімінің басшысы, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.  

Қостанай қаласы №2 сотында өткен сенбілік

14/04/2014

2014 жылғы 12 сәуірде Қостанай қаласы №2 сотының қызметкерлері жоспарлы сенбілікке шықты.

Сот мамандары сот аумағын тазалау жұмыстарын жасады. Қажетті еңбек құралдарымен жабдықталған ұжым бар күш-жігерлерімен сот ауласын қалпына келтіріп, терезелер мен орындықтарды жуып, ағаш түптері мен бордюрлерді ақтады.

Ауа-райының жағдайына байланысты гүлдерді отырғызу кейінге қалдырылды.

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

01/04/2014

Қостанай облысы соттарында 2014 жылғы 01 сәуірден бастап келесі судьялыққа кандидат тағылымдамадан өтуге кірісті:

Муканов Нурбол Ерланович 1986 жылы Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы, Әулиекөл ауылында туған, қазақ, білімі жоғары, Рудный қаласы №2 сотының кеңсе меңгерушісі болып жұмыс істейді.

Судьялыққа кандидат туралы пікір, сын-пікір, тілек пен сыни ескертулеріңізді Қостанай облыстық сотына  (Қостанай қаласы, Пушкин көшесі, 100/1, 308 кабинет) немесе 8 (7142) 544-123 телефоны арқылы хабарлауға болады.

Беттер