Жаңалықтар

Колледж студенттерімен «Ашық есік күні» өткізілді

10/04/2024

Арқалық қалалық сотында сот төрелігінің ашықтығы мен қолжетімділігін арттыру мақсатында, Арқалық көпсалалы колледжінің заңгер мамандығының студенттерімен «Ашық есік» күні өткізілді.

 Кездесу барысында судья С.А.Ержанов студенттерге сот жүйесі, сот жүйесін жаңғырту, сот ісін жүргізу ерекшеліктері, әкімшілік әділет, сот жүйесіндегі жаңашылдықтар, татуластырушы судьялардың жұмысы, кәмелетке толмағандардың құқықтары, кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың  алдын-алу мәселелері туралы түсіндірді.

Қызғаныштан жасалған қылмыс үшін үкім шықты

09/04/2024

Қамысты аудандық сотында денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру және бөтеннің мүлкін қасақана жою бойынша Ч.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды (ҚК 106-бап 1-б., 202-бап 2-б., 1,5-т.).

Сотта анықталғандай, Ч., мас күйінде бұрынғы әйеліне деген қызғаныш сезімінен жәбірленуші У.-дың көлігін қасақана өртеп жіберген, соның салдарынан жәбірленушінің мүлкін жойған.

Сол күні Ч., жәбірленуші У.-дың іш аймағына пышақпен қасақана бір рет соққы беріп, оның денсаулығына ауыр зиян келтірген.

Хабарландыру!

04/04/2024

Қостанай облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында 2024 жылдың 03 сәуірінде  " Астык трейдKZ " ЖШС-не қатысты оңалту тәртібін қолдану туралы азаматтық іс қозғалды.

Іс бойынша сот талқылауына дайындық 2024 жылдың 12 сәуірінде сағат 14:40-ге тағайындалған.

Туындаған сұрақтар бойынша 87142-54-19-36 телефон нөмері бойынша хабарласуға болады.

Қостанай тұрғыны жалған шот-фактуралар жазғаны үшін сотталды

03/04/2024

№3911-24-00-1/1 іс

Қостанай қаласының №2 сотында жеке кәсіпкерлік субъектісінің мүліктік пайда алу мақсатында жұмыстарды нақты орындамай, қызметтер көрсетпей, тауарларды тиеп-жөнелтпей шот-фактураны жазып беру бойынша іс-әрекеттер жасауын ұйымдастыру арқылы мемлекетке аса ірі залал келтіру бойынша К-ға қатысты қылмыстық іс қаралды(ҚК 28-бап 3-бөлік, 216-бап 3-бөлік).

Сотта анықталды:

Соттан тыс банкроттық рәсімін қолданудан бас тарту – заңсыз деп танылды

29/03/2024

Қостанай облысы МАӘС М.-ның «Наурызым ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ соттан тыс банкроттық рәсімін қолданудан бас тартуды даулау туралы талабы қанағаттандырылды.

         Соттан тыс банкроттық рәсім – кредиторлар алдындағы міндеттемелерді тоқтату мақсатында, соттан тыс тәртіпте борышкерге қатысты жүзеге асырылатын рәсім.

         Сот барысында, талап қоюшыға қатысты соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану үшін шарттар орын алғаны анықталды.

Волейболдан жолдастық кездесу

29/03/2024

Сот Әкімшілігінің Қостанай облысы бойынша департаменті Қостанай қалалық соты әкімшісімен бірлесіп ұйымдастыруымен волейбол спорт түрінен жолдастық кездесу өткізді.

Аталған іс-шарада Қостанай облыстық соты, Қостанай қалалық соты, «Қостанай білім инновациясы» ММ, «Жастар» командасы және 28 мектеп-гимназиясы командалары бақ сынасты. 

Ойын қорытындысы бойынша Қостанай қалалық сотының командасы - 1 орынға, «Қостанай білім инновациясы» ММ-нің командасы – 2 орынға, Қостанай облыстық соты командасы – 3 орынға ие болды.

 

Студенттерге «Ашық есік күні» өткізілді

28/03/2024

Қостанай қаласының №2 сотында сот төрелігінің ашықтығы мен қолжетімділігін арттыру мақсатында Ахмет Байтұрсынов атындағы аймақтық университеттің заң факультетінің студенттерінің қатысуымен «Ашық есік күні» өткізілді.

Көрсету процестері ұйымдастырылып, оның барысында судьялар қылмыстық істер мысалында қылмыстық процесті жүргізу және қылмыстық іс жүргізу құқық нормаларын қолдану тәртібін түсіндірді.

Бөтеннің заңсыз иелігіндегі мүлкін зейнеткер қайтарып алды

28/03/2024

Арқалық қаласының бұрынғы тұрғыны Арқалық қалалық сотына  бөтеннің заңсыз иелігіндегі мүлкін қайтарып алу немесе оның құнын өтеу туралы талап қою арызымен жүгінді.

Зейнеткерлік жастағы талап қоюшы жұбайымен бірге Арқалық қаласынан Ақмола облысына көшу туралы шешім қабылдайды. Содан кейін көп ұзамай сатуға қойылған үйге сатып алушы табылып, оған үйді жер учаскесімен бірге сатады.

Сот ісін жүргізуде мемлекеттік тілдің қолданылуына арналған дөңгелек үстел

28/03/2024
Қостанай қалалық сотының Әкімшісі сот ісін жүргізуде мемлекеттік тілдің қолданылуы жөнінде «Тіл тұғыры – төрешінің төрінде» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырып, өткізді.
Бұл іс шара «Наурыз мейрамы» ұлттық мерекесі  аясында өткізілді. Шақырылған қонақ ретінде Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту жөніндегі мәдениет басқармасының және Қостанай облыстық сотының Әкімшісінің өкілдері қатысты.

Орындалған жұмыс актісін жарамды деп тану және борыш сомасын өндіріп алу туралы талап қаралды

27/03/2024

Қостанай облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Жітіқара ауданы Жітіқара қаласы әкімі аппараты» ММ (тапсырыс беруші) мен «S» ЖК (мердігер) арасында қаланы жаңа жылдық мерекелерге безендіру туралы дау бойынша шешім шығарылды.

Сот 2023 жылғы 7 желтоқсанда тараптар арасында орындау мерзімі 2023 жылғы 27 желтоқсанға дейін деп анықталып, жоғарыда аталған жұмыстарды орындауға арналған мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалғанын анықтады.

Беттер