15 тоты мен жанармайдың 100 талонын ұрлады деп айыпталушыға қатысты сот үкімі шықты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қостанай қалалық №2 сотында ҚР ҚК 188-бабы 2-бөлігі 2,3-тармақтары (ұрлық) бойынша айыпталған 1991 жылы туған азамат Сергей Агаркинге қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шықты.

Іс материалдары бойынша, ағымдағы жылдың 24 қаңтарында сағат 04.00 шамасында Агаркин Қостанайдағы "Дельфин"  зоодүкенінің құлпын бұзып кіріп, одан әр қайсы 15 000 теңге тұратын 5 үлкен тотыны, әр қайсының құны 5000 теңге болатын 10 кішкентай тотыны, 30 000 теңгенің тышқаны мен 11 000 теңгелік торды ұрлаған. Осылайша жәбірленушіге 166 000 теңге материалдық шығын келтірген.

Арада бірнеше күн өткен соң, 31 қаңтарда «Единство и согласие» ЖШС кеңсесіне заңсыз енген А. "АИ-92" маркалы 10 литер жанармайға бекітілген 100 талонды қолды етіп, 141 000 теңге шығын келтірген.

Сот үкімімен С.Агаркин қылмыстық істе айыпты деп танылып, оған мүлкін тәркілеп, жалпы тәртіптегі колонияда 2,5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.   Сонымен қатар, жәбірленуші тараптар пайдасына сотталушыдан жалпы соммасы 158 мың теңге материалдық шығын өндірілді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

 

Источник: 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі