4 жасар баланың өліміне кінәлі деп танылған дәрігерлерге қатысты сот үкімі шығарылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Қостанай қаласының №2 сотында   Қостанай облыстық туберкулезге қарсы диспансердің физиопедиаторы 1968 жылы туған Айнаш Қалжанова мен аталған аурухананың балалар бөлімінің меңгерушісі 1969 жылы туған Светлана Балицкаяға қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімі жарияланды. Олар ҚР ҚК-нің 114 бабы 4 бөлігі бойынша қызметтік міндеттерін тиісті жүзеге асырмау салдарынан адам өліміне әкеп соғуда кінәлі деп танылды.

Еске салсақ, 2010 жылы 4 маусымда  Қостанай облыстық туберкулезге қарсы диспансерінің балалар бөліміне 4 жасар А.Сағындықов түскен. Балаға «оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінде алғашы туберкулездік кешен» диагнозы қойылған. Арада бір ай өткен соң, 3 шілдеде дәрігер А.Қалжанова бала қанының  биохимиялық сараптама нәтижелерін алады. Сараптама қорытындысы бойынша қан құрамындағы жалпы белирубиннің айтарлықтай артық болуы дәрілердің бауырға уландырғыш әсер етіп отырғандығын анық көрінген. Алайда, Қалжанова уақытылы «уыттылық гепатит» диагнозын қоймаған.  Және де туберкулезге қарсы дәрі-дәрмекті алып тастауға әрекет етпеген. Баланы дұрыс емдемеу салдарынан уландырғыш гепатит дамып, біраз уақыт өткен соң науқас балада  өткір  бауырдың қабынуы ауруы дамыған.

  Кейін 21 шілдеде балалар бөлімі меңгерушісі Балицкая 19 шілде күні жасалған бала қанының биохимиялық сараптамасыннан   белирубин құрамы тиісті мөлшерден 5 есеге артық екенін  көре тұра Сағындықовқа арнайы дәрі-дәрмек тағайындаған. Кері әсерін тигізген дәрі-дәрмектің ұзақ берілуі бала жағдайына кері әсерін тигізуі салдарынан ол 8 тамыз күні Қостанай қалалық ауруханасында қайтыс болады.

Сот үкімімен А.Қалжановаға 2 жылға бас бостандығын шектеу және 3 жыл мерзімге дәрігерлік қызметпен айналысу құқығынан айыру жазасы тағайындалды. Ал С.Балицкая 1 жыл бас бостандығын шектеу және 2 жыл дәрігерлік қызметпен айналысу құқығынан айыру жазасын алды.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 35 бабы 1 бөлігі 4 тармағы және осы баптың 4 бөлігіне сәйкес қылмыстық жауаптылыққа тартудың ескіру мерзімінің өтуіне орай екі дәрігер де жазадан босатылды.

Жәбірленуші тараптың (баланың анасы) азаматтық сот өндірісі тәртібінде материалдық және моральдық шығынды өндіруге азаматтық шағымын қанағаттандыру құқығы қанағаттандырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.  

 

Источник: 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі