Арқалықта судьялар мен медиаторлардың кездесуі өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Арқалықта судьялар Қостанай облысының медиаторлары ассоциациясының кәсіби медиаторлары  С.Богатырев, И.Зуев және Б.Төребековамен кездесу өткізді.

Кездесу барысында медиацияны жүргізу принцптері мен мақсаттары, еріктілік, тараптардың теңдігі сынды өзекті мәселелер талқыланды. Медиаторлар жеке жұмыс тәжірибелерінен қызықты мысалдар келтірді.

Кездесу нәтижесі бойынша Арқалық қалалық сотының төрағасы К.Ақшалов 2017 жылдың бірінші тоқсанында медиация рәсімінің қолданылуы туралы ақпаратпен бөлісіп, Арқалық қаласы бойынша кәсіби медиатор Б.Төребековаға жұмысы үшін алғысын білдірді.

Қайнар: 
Арқалық қалалық соты