Қостанай қаласының №2 соты пәтер тонаушыларға қатысты сот үкімін шығарды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қостанай қаласының №2 соты пәтер тонауды кәсіп еткен ҚР ҚК-нің 188 бабы 4 бөлімі 3 тармағы бойынша айыпталған  В.Тулебаев пен ҚР ҚК-нің 175бабы 4 бөлімі «б» бөлігі бойынша (16.07.1997 жылғы редакциядағы) айыпталған Ж.Жүсіповқа қатысты сот үкімін шығарды.

Қылмыстық іс материалдары бойынша, В.Тулебаев топ адаммен - Ж.Жүсіповпен және Г.Қуатхановпен алдын ала сөз байласып сәйкес кілттер табу арқылы заңсыз пәтерге кіріп, ол жерден жалпы құны   7 463 380 теңге болатын зергерлік бұйымдар, ақша, 600 литр жанар-жағар май талонын қымқырған.

Өзінің қылмыстық жолмен пайда табу әдетін жалғастырған В.Тулебаев 2014 жылдың желтоқсанынан 2015 жылдың наурызы аралығында төрт пәтерді тонап құны 10 млн. теңгеден асатын дүниені қолды еткен.

Сот үкімімен Ж.Жүсіпов ҚР ҚК-нің 175бабы 4 бөлімі «б» бөлігі бойынша (16.07.1997 жылғы редакциядағы) айыпты деп танылып, оған жалпы тәртіптегі түзету колониясында 5 жыл бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы тағайындалды.

Ал В.Тулебаев ҚР ҚК-нің 188 бабы 4 бөлімі 3 тармағы бойынша кінәлі деп танылып, ол жалпы тәртіптегі түзету колониясында 6 жыл бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы кесілді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Қостанай қаласының №2 соты