Қостанайда енесі автокөлігін бүлдірген күйеубаласына сотқа шағымданды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Күйеу баласы С. таки жүргізугі ретінде пайдаланып жүрген автокөлікті зақымдауы салдарынан келген шығынды өндірмек болған азаматша одан материалдық шығынды өніру үшін сотқа шағымданған.

Ағымдағы жылдың 28 мамырында ішімдікке мас болған жауапкер балағат сөз айтып, шағымданушыға тиесілі автокөліктің артқы  фонарын аяғымен теуіп сындырған. Нәтижесінде көлік иесіне 84 000 теңге материалдық шығын келтірілген. 

Қылмыстық әрекеттің куәгерлері де бар. Осылайша күйеу баласынан шығынды өндірмек болған ене сотқа жүгінген.

Істі қарау нәтижесі бойынша сот азаматшы  шағымын қанағаттандырып, жауапкерден 84 000 теңге материалдық шығын және заң көмегі үшін 3000 теңге қаражат өндірді.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

 

Источник: 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі