Қостанайда кәсіпкерді бопсалаған қылмыскерлердің біріне қатысты сот үкімі шықты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты кезінде үлкен қоғамдық талқылауға ие болған қылмыстық  іс – кәсіпкердің жеке мүддесіне қатысты ақпаратты таратамыз деп қорқытып, қарашылық шабуыл жасап, ірі көлемде ақша бопсалағандардың бірі  32 жастағы Саид Мамедовке қатысты сот үкімін шығарды. Ол соңғы төрт жылда іздеуде болатын.

Бұл қылмыстық іс бойынша 2013 жылдың 19 қыркүйегінде Артур Хиромагомедов ерекше тәртіптегі колонияда 11 жыл 6 айға, ал  И.Мамедов қатаң тәртіптегі қолонияда 7 жылға бас бостандығынан айырылу жазасына кесілген болатын. Ал Р.Валиевтің тұрғылықты жерлері анықталмағандықтан оларға  қатысты қылмыстық іс материалдары жеке өндіріске алынған.

 Еске салсақ, 2012 жылдың қарашасында бес жас жігіт, оның үшеуі бір біріне ағайынды болып келеді, азамат Е-нің жас қыздардың жыныстық қызметіне жүгінетінін біліп, оны тығырыққа тіреп ақша талап етуге келіседі. Осылайша, азамат Е. өзінің пәтерінде қыздармен кездесуі кезінде оны бейнетаспаға түсіріп, сол арқылы оның жеке өміріне қатысты ақпаратты таратпауы үшін қомақты қаражат талап ету жоспарын құрған.

Жоспарды жүзеге асыру үшін кәмелетке толмаған Г- ны пайдаланған, ол Е-мен телефон арқылы хабарласып, оның үйіне қыз әкелуге міндетті болады.

Осылайша, 2012 жылдың 18 қарашасында сағат 13.00 шамасында  кәмлетке толмаған Г. азамат Е-мен келісіп, оның үйіне кәмлеттік жасқа толмаған балалар үйінің тәрбиеленушісі М-ны ерітіп келеді.

Жігіттер жасөспірім кәсіпкермен жеке қалғанда сыртқы есікті ашық қалдыруы керектігін ескерткен. Қысымнан қорыққан қыз бұған келіседі.

Кейін бастарына көз саңлаулары бар бетперде киген бес жігіт Е-нің пәтеріне кіріп, пәтер иесіне қарақшылық шабуыл жасап, оған тиесілі 5 000 Ресей рублін, 1000 еуро, 200 000 теңге және 60 000 АҚШ долларын ашық түрде қымқырған.

2013 жылдың 23 ақпанында қылмыскерлер кәсіпкерге қайта келіп, оның банктік картасыннан 200 000 теңге ұрлаған.

Сот үкімімен С.Мамедов ҚР ҚК 192-бабы 2-бөлігі  1,3- тармақтары, 194-бабының 4-бөлігі 2-тармағы бойынша айыпты деп танылып, оған қылмыстық-атқару жүйесінің төтенше қауіпсіз мекемесінде 11 жылға бас бостандығын айыру және жеке мүлкін тәркілеу жазасы тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі