Қостанайда үйде жанжал шығарушылар 10 тәуліктен астам мерзімге қамауға алынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қостанай қаласының мамандандырылған әкімшілік соты ҚР ӘҚБтК 73-бабы 2-бөлігі (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) бойынша екі әкімшілік істі қарады. 

Бірінші жағдайда, 38 жастағы қала тұрғыны 16-17 сәуірде екі күн бойы үйінде жанжал шығарып, анасын ұрып-соғумен қорқытқан.

Сот қаулысымен азамат әкімшілік құқық бұзушылықта кінәлі деп танылып, оған 15 тәулікке қамауға алу жазасы тағайындалды.

Қостанайлық 42 жастағы ішімдік ішкен азаматта үйінде жанжал шығарып, жұбайын қорқытып, мазасын алған. Сот азаматты айыпты деп танып, 10 тәулікке әкімшілік қамауға алу түрінде жазасын өтеуге қаулы шығарды. Азамат соңғы бір жылда екінші рет жауапкершілікке тартылып отыр.  

 Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

 

 

Қайнар: 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі