Қызғаныштан әйелін өлтірмек болған азаматқа қатысты сот үкімі шықты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Әйелін қызғанып өлтірмекші болған Жітіқара тұрғыны Вячеслав Эдельманға қатысты сот үкімі шықты.

Іс материалы бойынша, ол өткен жылдың жазында ол  "ТОЗ БМ" маркалы 16 калибрлік тегіс қос ұңғылы аңшылық шолақ мылтыққа заңсыз жолмен ие болған. 2016 жылы 17 қарашада түн мезгілінде Жітіқара қаласында, өз жұбайын өлтіру мақсатында, "Позитив" дәмханасына кіріп келеді. Өзімен бірге спорттық сөмке асынып кірген. Оның іші шолақ мылтық пен оқ дәрілерге толы болыпты. Ерлі-зайыптылар жеке сөйлесуге шығады. Қызғанышқан көзі қызарған Эдельман мылтықты алып шығып, оқтап алып,  әйелінің кеуде тұсына тіреген. Алайда,  техникалық себептерге байланысты, яғни шүріппе істен шығып, оқ атылмаған. Осы уақытта жәбірленуші қашып үлгірген. 

Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен В.Эдельмен ҚР ҚК 287-бабы 3-бөлігі, 24-бабы 3-бөлігі, 99-бабы 1-бөлігі бойынша айыпты деп танылып, оған қатаң тәртіптегі колонияда 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі