Медбикеге тіл тигізген науқас бір тәулікке қамауға алынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Әулиекөл аудандық соты аудандық туберкулезге қарсы ауруханасында емделіп жатқан азамат В-ға қатысты әкімшілік істі қарады.

Ем қабылдаушы азамат В. ішімдік ішіп, медбикеге тіл тигізіп, балағат сөздер айтып, осылайша айналасындағыларға құрметтемеушілік танытып, олардың тыныштығын бұзған. Өз әрекетімен ол соңғы бір жыл ішінде қайтадан  ҚР ӘҚБтК 434-бабы 2-бөлігімен қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылық жасаған.

Сот қаулысымен ол бір тәулікке қамауға алу әкімшілік жазаға тартылды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі