Сот актілерінің орындалуы барысындағы мәселелер қылмыстық істер жөніндегі сотта талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында "Сот актілерінің орындалуы барысындағы мәселелер" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараға құқық қорғау органдарының өкілдері, мемлекеттік және жеке сот орындаушылар, Қостанай облысы білім басқармасы қызметкерлері қатысты.

Кездесу барысында қылмыстық сот судьясы Жаннар Тлеубаева баяндама жасап, заттай дәлелдемелерді  иесен қайтару немесе жоюға қатысты орындалмаған сот актілері туралы мәліметтерге тоқталды.

Тақырыпты талқылау барысында сот актілерін орындаудағы проблемалар ортаға салынып, оны шешу жолдары ұсынылды.

 

Источник: 
Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған соты