Ұзынкөл ауданында ел шекарасынан заңсыз өтпек болған Өзбекстанның тоғыз азаматы ел аумағынан шығарылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

  Ұзынкөл аудандық сотының қаулысымен Өзбекстанның тоғыз азаматы республика аумағынан шығарылды. Жас шамалары 22-ден 35 жас аралығындағы азаматтар Қазақстан шекарасынан заңсыз өтіп, Ресейге жетпек болған.

Ағымдағы жылдың 11 сәуірінде сағат бес шамасында "Обаған"  автомобильді өткізу бекетінде жүк көлігін тексеру кезінде Өзбекстан Республикасының азаматтары анықталған. Шекарадан заңсыз өтпек болған азаматтар металл сынықтарын тиеген көліктің ішіне жасырынған. Сотта оларға Ресейге кіруге тиым салынғандықтан осындай әрекетке барғандарын айтқан.

Сот мигранттарды ҚР ӘҚБтК 514-бабы 2-бөлігі бойынша (Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекара режимiн бұзу) айыпты деп танып, оларға  Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберу түрінде әкімшілік жаза тағайындады.

 

Источник: 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі