Екі жүргіншіні көлікпен соққан жүргізушіге қатысты сот үкімі өзгеріссіз қалды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Қостанай облыстық соты сотталушы Леван Твалабеишвилидің адвокатының және сотталушы кінәлі жол-көлік оқиғасы салдарынан қаза тапқандардың ата-аналарының апелляциялық шағымдары бойынша қылмыстық істі қарады

Адвокат өз шағымында бірінші инстанциялы сот үкімін жойып, қылмыстық істі тоқтатуды сұраған. Ал жәбірленушілер ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі бойынша (көлiк құралдарын басқарушының көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы салдарынан абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан әрекет) барынша қатаң жаза талап еткен.

Сотталушы 1983 жылы туған азамат Леван Твалабеишвилиге қатысты сот үкімі осы жылдың 3 қыркүйегінде шығарылған болатын.

29 мамырда сағат 02.00 шамасында Қостанайда «Zaz Chahce» маркалы автокөлікті басқарған жүргізуші Баймағамбетов-Толстой көшелерінің қиылысында елді-мекенде жүруге рұқсат берілген жол жылдамдығын арттырып, жол қозғалысының қауіпсіздігіне көз жеткізбеген. Осы себепті жаяу жүргіншілерге арналған жолақ арқылы жолдан өтпек болған екі азамат М. және К-ны айыпталушы көлікпен соққан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргіншілер ауыр дене жарақатын алып қаза болды.

 Сот үкімімен Л.Твалабеишвили ҚР ҚК-нің 345 бабы 4 бөлігі бойынша айыпты деп танылып, оған қоныс колониясында 5 жылға бас боытандығынан айыру және 5 жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айыру жазасы тағайындалды. Жәбірленуші тараптарға сотталушыдан жалпы 6 млн. теңге моральдық және материалдық шығын өндірілген. 

Облыстық сот сот үкімін өзгеріссіз, апелляциялық шағымдарды қанағаттандырусыз қалдырды.

Источник: 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі