Архив событий

18/04/2014

Жітіқара аудандық сотында өткен дөңгелек үстел

18/04/2014

Жітіқара аудандық сотында «Электрондық үкімет порталы арқылы құжаттар мен талап арыздарды қабылдау тәртібі» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Жітіқара ауданы мемлекеттік органдарының өкілдері және қала мен ауданның коммуналдық қызмет өкілдері қатысты.

Кездесу мақсаты - мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың «электрондық үкіметті» дамыту туралы тапсырмасын жүзеге асыру шеңберінде жұмысты жасау.

«Әулиекөл аудандық ауруханасы» МКК-дан моральдық зиянды өндіру туралы талап ішінара қанағаттандырылды

18/04/2014

Әулиекөл аудандық соты  «Әулиекөл аудандық ауруханасы» МКК-дан 100 000 теңге көлемінде моральдық зиянды өндіру туралы азамат Н.-ның талабын ішінара қанағаттандырды.

Үкім жарияланды

18/04/2014

Қостанай қаласының №2 сотында 2014 жылғы 17 сәуірде Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін қолдан жасаған азамат Ж.-ға қатысты қылмыстық ісі бойынша үкім жарияланды.

Халыққа компьютерлік қызмет көрсету саласында жұмыс істеп жүрген жеке кәсіпкер азамат Ж. ресми құжатты қолдан жасау жолымен, дәлірек ҚР азаматының жеке куәлігін заңсыз жалған құжатты сол күні өз еркімен полиция қызметкерлеріне берген азамат С.-ға 8 000 теңгеге өткізген.

Өзінде сақтаған

18/04/2014

2014 жылғы 10 сәуірде Алтынсарин ауданы  Қостанай-Қарасу жолындағы Силантьевка ауылының автобус аялдамасында азамат В.-дан 1,26 грамм салмағындағы, есірткі заты болып саналатын кептірілген марихуана, арнайы иісі бар, сұр-жасыл түсті зат табылып, алынған. 

Сарапшының қорытындысы бойынша зерттеуге ұсынылған зат 1,26 грамм салмағы бар, кептірілген марихуана есірткі заты болып шықты.

Құқық бұзушы В. кінәсін мойындады, шөпті тауып алғанын және не екенін білмей, шегіп көрмекші болып, өзінде қалдырғанын айтқан.

Тазалық-денсаулық кепілі

18/04/2014

Көктем келісімен кез-келген аймақ ауласын тәртіпке келтіреді.

Алтынсарин аудандық сотының ұжымы да еңбек құрал-саймандарын әзірлеп, сот ауласын тазарту бойынша сенбілікке кірісті.

Тек даланы тазаламай, ғимарат ішін де тәртіпке келтірді, өйткені тазалық  - денсаулық әрі жақсы көңіл-күй кепілі.