Архив событий

22/04/2014

Апатқа кінәлі адам қамалды

22/04/2014

Қарабалық ауданында 2014 жылғы 18 сәуірде сағат 23 шамасында қайғылы оқиға орын алды, жол апатының құрбаны болған жас қыз алған дене жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.

Қарабалық аудандық соты 2014 жылғы 21 сәуірде Карл Маркс көшесі бойындағы бір жақты қозғалыста "Нива - Chеvrolet" автокөлігін ішімдік ішкен күйде басқарып, рұқсат етілген бағыт қозғалысына қарсы жүріп, жаяу жүргіншіні соғып кеткені үшін апатқа кінәлі адамға қатысты қамау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

Сарыкөл аудандық сотында баспасөз конференциясы өтті

22/04/2014

Кеше Сарыкөл аудандық сотында 2014 жылғы 1 тоқсанда сот төрелігін іске асыру қорытындысы бойынша сот төрағасы Н.К.Жұмабаеваның және «Сарыкөл» газетінің бас редакторы А.Б.Мусатованың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.  

Сарыкөл аудандық сотының төрағасы Надежда Жұмабаеваның ақпараты бойынша 2014 жылғы 1 тоқсанда қылмыстық іс өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 7 іске көп, демек қаралған істер ұлғайған. Сонымен қатар, айыптау үкімін шығарумен 7 іс қаралды.

Еңбек міндеттерін дұрыс орындамаған жүргізуші

22/04/2014

Жітіқара аудандық соты 2014 жылғы 21 сәуірде азамат Е.-ден  еңбек міндеттерін  тиісті орындамағанынан келтірілген шығынды өтеу туралы «Тrans Well Company» ЖШС талабы бойынша азаматтық істі қарады.

Полицияға бағынбағаны үшін 2 тәулікке қамалды

22/04/2014

Полиция қызметкерінің заңды талаптарына бағынбағаны үшін құқық бұзушы Ж. екі тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды. 2014 жылы 16 сәуірде сағат шамамен 20.45 кезінде Аманкелді ауданы Байғабыл ауылының тұрғыны Ж. ішімдік ішкен күйінде полиция қызметкерінің мастығын анықтау үшін жедел жәрдем бөліміне бару туралы заңды талабына бағынбай, қарсылық көрсетіп, балағаттағаны анықталды. Осыған орай оның үстінен ҚР ӘҚБтК-нің 355-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, іс Аманкелді аудандық сотына  түсті. 18 сәуірде өткен ашық сот мәжілісінде Ж.

Медиативтік келісімге келді

22/04/2014

Жуырда Қостанай қалалық сотында кері шегіну тәртібінде сақтандыру төлемін өндіру туралы дау медиатордың көмегі арқылы шешілді.

2012 жылғы маусымда сақтандыру компаниясы мен азаматша Л. арасында  ерікті сақтандыру шарты жасалған, уақытша еңбекке жарамдылықты жойып алуына орай шығынды толтыруға байланысты 2012 жылдың маусымынан 2013 жылдың маусымына дейін 1 жылға қолдану мерзімімен сақтандыру полисі берілген.