Архив событий

24/04/2014

Жалған ақша жасағандарға қатысты үкім

24/04/2014

2012 жылғы мамырдан 2013 жылғы тамызға дейінгі кезеңде бұрын сотталған 42 жастағы азамат В. қасақана бағытталған ниетімен, жалған ҚР Ұлттық Банкінің  ақша банкноттарын бірнеше рет дайындау, сақтау, оны әрі қарай өткізу мақсатында көшіріп, көбейтетін құрал арқылы 500, 1000 және 2000 теңге белгіленген ақша банкноттарын сканерден өткізген. Кейін қағазда басып шығарып, сауда орталықтарында, базарларда, дүкендерде халық  тұтынатын жеңіл-желпі тауарлары мен азық-түлікке, сондай-ақ өзі мінген таксиге төлеген және қайтарымға шынайы ақшамен банкноттар алып отырған.

Құқық бұзушылық елеусiз болуына орай әкiмшiлiк жауаптылықтан босатылды

24/04/2014

Құсмұрын ауылында 2014 жылғы 17 сәуірде шетел азаматтарының Қазақстан Республикасында болу Ережесін бұзған, нақты тұратын жері тіркеу кезінде көрсетiлген мекенжайға сәйкес келмеген Ресей Федерациясының азаматшасы К. анықталды.

Азаматша К.-ның әрекеті Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 394-бабы 3-бөлігі бойынша сараланған.

Сот отырысында ол өз тарапынан әкімшілік құқық бұзушылық фактісін жасағанын жасырмады.

Жол көлік оқиғасынан келтірілген материалдық шығын

24/04/2014

Қостанай қалалық сотына 2014 жылғы наурызда жауапкер С.-дан ЖКО келтірілген автокөліктің тауарлық түрін жоғалтқаны үшін сома өндіру туралы талапкер Б.-ның талап арызы түсті.

Талапкер талабында 2013 жылғы 03 қарашада Қостанай ауданы Затобол ауылында үй ауласында жауапкер жолда жүру ережелерін бұзып, автокөлікті басқара, жоғары жылдамдықпен үй ауласына кірген, бірінші подъезд жанында тоқтап, артқа қатты қозғалып, талапкерге тиесілі тұрған автокөлікпен соқтығысқан.

2013 жылғы 08 қарашада ЖКО фактісі бойынша әкімшілік жаза салу туралы қаулы шыққан.

Қостанай қалалық сотында брифинг өтті

24/04/2014

Қостанай қалалық сотының судьясы А.Б. Жауарова 2014 жылғы 23 сәуірде брифинг өткізді.

Брифингте «Қазақстан-Қостанай», «КТК» телеарналарының өкілдері, «Костанайские новости» мен «Наш Костанай» жергілікті газет тілшілері қатысты.

Аталған брифингті өткізуге жауапкер "Клиника Жемчужина" ЖШС-ға, үшінші тұлға "Қостанай облысы бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті Департаменті" ММ-ға  моральдық зиянды өтеу туралы азаматша С. талап арызы бойынша азаматтық істің қаралуы негіз болды.

Судья берген сұхбат

24/04/2014

 

Қостанай қалалық сотының судьясы А.Болатұлы 2014 жылғы 22 сәуірде "Қазақстан-Қостанай" телеарнасының тілшісіне сотқа зейнетақыны ресімдеу үшін еңбек қызметінің фактілерін орнату мәселелері бойынша жекелеген қате жүгінулер жөнінде сұхбат берді.

Судья А. Болатұлының айтуынша, еңбек қызметінің фактілерін орнату мәселелері бойынша сотқа берген арзыдардың көбі негізсіз және соттан тыс тәртіпте шешілу қажет.

Қостанай мемлекеттік университет студенттеріне дәріс оқылды

24/04/2014

Қостанай қалалық сотының судьясы  М.А. Адам 2014 жылғы 22 сәуірде  А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті заң факультетінің 2-курс студенттеріне "Мәмілелерді жасаудағы құқықтық реттеу мен құқық қолдану практикасының көкейтесті мәселелері" тақырыбында дәріс оқыды. Дәріс оқу барысында студенттер тек теориялық білім алып қоймай, нақты азаматтық істер бойынша практикалық есептерді шығарды.

Алтынсарин аудандық сотында баспасөз конференциясы өтті

24/04/2014

Алтынсарин аудандық сотында 2014 жылғы 22 сәуірде сот төрағасы  Б.Е.Карбенова «2014 жылғы 1 тоқсанда азаматтардың жүгінуін қарау нәтижелері» тақырыбында баспасөз конференциясын өткізді.

Баспасөз конференциясына Алтынсарин ауданының бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен жергілікті газет редакторлары қатысты.

2014 жылғы 3 айда сот төрағасының жеке қабылдауында  23 азамат, оның ішінде жоспарланған «Ашық есік күндері» аясында 4 азамат қабылданған болатын. 2013 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда қабылданған азаматтар саны– 13 азамат.