Архив событий

26/04/2014

Қостанай облысы соттарындағы жаппай сенбілік

26/04/2014

Бүгін Қостанай облыстық сотының судьялары мен мамандары Қостанай қаласы әкімдігі жариялаған қаланы көркейту мен санитарлық тазарту айлық аясындағы сенбілікке шықты.

Сонымен қатар, бүгін Қостанай облысының барлық соттарында сенбілік өтіп, ғимараттары және оған іргелес аумақтары қалыпқа келтірілді.

Күннің суытып, қатты жел тұрған қолайсыз ауа-райына қарамастан судьялар мен мамандар шараға белсенді түрде қатысып, ғимарат ішін жинап, ретке келтірді. Сот ұжымдары бір сенбілікпен шектелмесі анық, аумақты жинау жалғасын табады.