Архив событий

23/04/2014

Алғыс хат

23/04/2014

Облыстық сот төрағасы Ғ.Ж.Мырзакенің атына Қостанай педагогикалық колледжі студенті А.А.Усанинадан алғыс хат түсті.

Онда Денисов аудандық сотының төрағасы В.В.Лелекаға  әділ шешім шығарып, азаматтық істі объективті қарағаны үшін алғыс білдірілген.

Студент хатында «Әділдікті орнатуда сот органдарының маған көмек көрсеткені үшін шынайы ризамын. Осындай шешімнен кейін заң мен әділдіктің салтанат құруына сеніп, соттарда әр адамның қайғысына қол ұшын көрсете алатын мейірімді адамдар жұмыс істейтіне көзім жетті. Сол үшін сіздерге рахмет», - деп жазылған.

 

Үкім өзгеріссіз қалдырылды

23/04/2014

Қостанай облыстық сотының  қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы Қостанай қаласының №2 соты 2014 жылғы 13 наурызда ҚР ҚК-нің 103-бабы 1-бөлігі бойынша  жалпы тәртіптегі түзеу колониясында жазасын өтеумен 3 жылға бас бостандығынан айырған О.Г. Слеповқа қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды.

Оқыс оқиға 2013 жылғы 16 желтоқсанда орын алған. Сотталушы О.Г.Слепов бірге спирттік ішімдікті ішу барысында туындаған ұрыс нәтижесінде аң аулайтын мылтықтан 2,5-3 метр қашықтықта үш рет жәбірленуші К.А.Остапенко оқ атқан, оның екеуі тізеден төменгі аяғына тиген.

Ұлттық орман егу күнiне атсалысқандар

23/04/2014

Ұлттық орман егу күнi аясында 2014 жылғы 19 сәуірде Алтынсарин аудандық сотының ұжымы Обаған ауылындағы Ұлы Отан соғысына қатысуышылар даңқына арналған саябақта жас ағаштарды отырғызды.

Акция мақсаты – ормандарды сақтау мен қалпына келтіру, қала жасыл аймақтарын жайғастыру, орман байлықтарын ұлғайту мен сақтау ісіне қоғамдық мүддені дамыту, Қазақстан ормандарын қалпына келтіру бойынша жобаларға ресурстарды жұмылдыру.

Саябақ аллеясында 30 жуық жапырақты және қылқан жапырақты ағаш отырғызылды.  

Ағаштарды отырғызудағы ұжымның жұмысы бір күнмен шектелмесі анық.

Қостанай қалалық сотында өткен дөңгелек үстел

23/04/2014

Қостанай қалалық сотында 2014 жылғы 17 сәуірде «Электрондық сот ісін жүргізу мен сот төрелігіне қол жеткізу» тақырыбында қаланың мемлекеттік органдары мен коммуналдық қызмет өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Сот төрағасы М.К.Найманов «Электрондық бақылау сот ісін жүргізу» тақырыбында баяндама жасады.