Архив событий

21/04/2014

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотымен бейнеконференцбайланысы өтті

21/04/2014

Ағымдағы жылдың 19 сәуірінде облыстық сотта Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотымен республика соттарында 2014 жылғы 1 тоқсанда сот төрелігін іске асыру қорытындысы бойынша бейнеконференцбайланысы өтті.

Аталған шараға Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасы Қ.Ә.Мәми, Жоғарғы Соттың судьялары, Республиканың облыстық сот судьялары қатысты.

Онлайн тәртібінде ҚР Жоғарғы Сотының төрағасы Қ.Ә.Мәми республика соттарында 2014 жылғы 1 тоқсанда сот төрелігін іске асыру қорытындысы бойынша баяндама жасады.

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

21/04/2014

Қостанай облысы соттарында 2014 жылғы 14 сәуірден бастап келесі судьялыққа кандидат тағылымдамадан өтуге кірісті:

Катькова Ирина Владимировна 1976 ж.т., орыс, Саха (Якутия) Республикасы, Мирный ауданы,  Надежный аулында туған,  «Агрогазстрой» ӨФ ЖШС заңгер болып  жұмыс істейді.

Қостанай облысы соттарында 2014 жылғы 21 сәуірден бастап келесі судьялыққа кандидат тағылымдамадан өтуге кірісті:

Анисимова Руфина Атымтайқызы 1981 ж.т., қазақ, Қостанай облысы Қостанай қаласында туған, білімі жоғары, Қостанай қаласының №2 сотында бас маман болып жұмыс істейді.

Остапчук Ольга Сергеевна  1984 ж.т., орыс, Қостанай облысы Қостанай қаласында туған, білімі жоғары, Қостанай адвокаттар алқасының мүшесі.

Судьялыққа кандидат туралы пікір, сын-пікір, тілек пен сыни ескертулеріңізді Қостанай облыстық сотына  (Қостанай қаласы, Пушкин көшесі, 100/1, 413В кабинет) немесе 8 (7142) 544-123 телефоны арқылы хабарлауға болады.