Архив событий

17/04/2014

Науырзым аудандық сотында «Ашық есік күні» өтті

17/04/2014

 

2014 жылғы 17 сәуірде Науырзым аудандық сотында Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңын қолдану практикасының мәселелері бойынша «Ашық есік күні» өтті.

Азаматтарды Науырзым аудандық сотының төрағасы А.О.Смайлов қабылдады. Ашық есік күніне Қараменді ауыл тұрғыны Ф.Смаглюк келді.

Паркте тауып алған оқтар

17/04/2014

Өткен жылы жазда Жамбыл атындағы паркте серуендеп жүрген азамат С. ішінде 6 оғы бар қағаз қорабын тауып алады. Үш оғы "Макаров" жүйесіндегі пистолетке, үшеуі "Калашников" автоматына тиесілі. Экспонат ретінде оқтарды өзімен алып кетуді шешіп, Жітіқара қаласындағы өз үйінде сақтаған.

Аталған оқ-дәрілерді сатып алу мен сақтау бойынша әрекетін заңсыз екенін білсе де, экспонат ретінде оған ие болу қызығырақ болған. Сонымен қатар, әскерде борышын өтеп, "Калашников" автоматынан атқандықтан оқ-дәрілер туралы түсінігі бар екен.

Заңсыз кәсіпкерлігі үшін бас бостандығынан шектетілді

17/04/2014

 

2014 жылғы 14 сәуірде жеке кәсіпкер азаматша Д.-ға қатысты айыптау үкімі шығарылды.

Заңсыз кәсіпкерлігі үшін Қарабалық аудандық сотының үкімімен 1 жылға бас бостандығынан шектетілді.

Жеке кәсіпкер бола тұра азаматша Д. Қарабалық ауылында едәуір көлемде және әрі қарай өткізу мақсатында ішімдік өнімдері түріндегі акцизделетін тауарларды сақтаумен арнайы рұқсаты болмай (лицензиясы) кәсіпкерлік қызметпен айналысқан.