Архив событий

15/03/2017

Қарасу ауданында отбасылық дауларда медиацияны қолдану жайы талқыланды

15/03/2017

Қарасу аудандық №2 сотында "Медиация - отбасылық дау-дамайда" тақырыбында дөңгелек үстел өтіп, шараға аудандық сот төрағасы А.Ертышпаев,судья М.Ділтаева, Шелғашы орта мектебінің, Октябрь орта мектебінің, "Қарасу ауданы әкімдігінің білім бөлімі" ММ өкілдері, медиаторлар, аудандық ішкі істер бөлімінің кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі бөлім қызметкерлері қатысты.

Дөңгелек үстел барысында аталған тақырып бойынша А.Ертышпаев баяндама жасап, медиация тәртібімен қысқартылған істер бойынша мәліметтерге тоқталды.