Архив событий

17/03/2017

Қостанай облысының судьялар заңнамадағы жаңашылдықтар мен түзетулерді талқылады

17/03/2017

Қостанай облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында және Қостанай қалалық сотында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық,  банктік заңнаманы жетілдіру және кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заңындағы негізгі өзгерістер тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Үйінде жанжал шығарған Затобол тұрғыны үш тәулікке қамалды

17/03/2017
Қостанай аудандық сотында ҚР ӘҚБтК 73-бабы 1-бөлігі бойынша айыпталған 38 жастағы азамат П-ға қатысты әкімшілік істі қарады. Аудан тұрғыны ағымдағы жылдың 9 наурызында сағат 21.00 шамасында Затобол кентіндегі өз үйінде алкоголдік мас күйде жанжал шығарған. Өзімен бірге тұратын әйелге тіл тигізіп, балағаттап оның тыныштығын бұзған.
Сот азаматтық әкімшілік жауапкершілікке тартып, үш тәулік қамауға алу түріндегі жаза тағайындады.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.