Кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімге сыра сатқан сатушыға айыппұл салынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қостанай қаласының мамандандырылған әкімшілік соты ҚР ӘҚБтК 200-бабы 1-бөлігі бойынша 41-жастағы азаматша З-ға қатысты әкімшілік істі қарады.

Қаладғы "Наурыз" дүкенінде сатушы болып жұмыс істейтін азаматша ағымдағы жылдың 14 ақпанында сағат 17.00 шамасында кәселеттік жасқа толмаған К-ға бір шөлмек сыра сатып,  Қазақстан Республикасы заңнамасының 21 жасқа дейінгі азаматтарға алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзған.

Сот отырысы барысында азаматша кінәсін толығымен мойындап, қатаң жазаламауды сұраған.

Сот қаулысымен азаматша З. әкімшілік құқық бұзушылықта айыпты деп танылып, оған 10 АЕК, яғни 22690 теңге айыппұл салынды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі