Жаңалықтар

Рудный қаласының 18 жастағы тұрғыны синтетикалық есірткі таратқаны үшін сотталды

22/04/2024

      Қостанай облысының Рудный қаласының тұрғыны М. Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігінің 1), 3), 5) тармақтарында көзделген қылмысты жасады деген айыппен (электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалана отырып, адамдар тобында алдын ала сөз байласу бойынша аса ірі мөлшерде есірткі құралдарын сатып алу, сақтау және тасымалдау) сотқа берілді.

 

Сотта анықталды:

Заңсыз кәсіпкерлік туралы іс бойынша үкім шығарылды

22/04/2024

3911-23-00-1/312

Қостанай қаласының №2 сотында Қостанай қаласының № 2 сотында заңсыз кәсіпкерлікпен айналысып - аса ірі мөлшерде кіріс алумен ұштасқан электрондық цифрлық активтердің айналымы (сатып алу/сату) бойынша платформаны ұйымдастыру бойынша кәсіпкерлік қызметтің тыйым салынған түрімен айналысқаны үшін Ресей Федерациясының азаматы Е. – ға қатысты қылмыстық іс қаралды (ҚК 214-бабы 2-бөлігі 2-тармағы).

Сотта анықталды:

Қаратомар су қоймасындағы жарықшақ туралы жалған ақпарат таратқан Қостанай тұрғынына қатысты іс жүргізу тоқтатылды

19/04/2024

Қостанай аудандық соты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 456-2-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады.

Н. "WhatsApp" қосымшасында Қаратомар су қоймасындағы жарықшақ пайда болғаны жайында жалған дауыстық хабарлама таратқаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылған.

Сот тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімін жаңбыр суының кәрізін қалпына келтіруге міндеттеді

17/04/2024

Арқалық қаласының тұрғыны Арқалық қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімін жаңбыр суының кәрізін қалпына келтіруге міндеттеу және моральдық зиян өндіру туралы талабымен сотқа жүгінді.

Талап қоюшы сотта оның үйінің жанында 2023 жылы жазда ағын (нөсер) судың кәрізінде топырақ опырылып, нәтижесінде жаңбыр жауған уақытта үйін су басатынын, лай мен қоқыстың тазартылғаны туралы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің жауаптары шындыққа жанаспайтынын, іс жүзінде ешқандай жұмыстар жүргізілмегенін көрсетті

Сеніп тапсырылған мүлікті ысырап ету

16/04/2024

Қамысты аудандық сотында жымқыру, яғни сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін қызметтік ережені пайдалана отырып, ірі мөлшерде ұрлағаны үшін кінәлі деп танылған Т.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды (ҚК 189-бабы 3-бөлігі 1-тармағы).

Сотта анықталғандай, 2022 жылғы 1 маусым мен 2023 жылғы 16 тамыз аралығында Т. өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып (бухгалтер-кассир) кәсіпорын кассасынан 8 600 000 теңгедан астам сомада қолма-қол ақша қаражатын алып жеке қажеттіліктеріне жұмсаған.

Сот отырысында Т. өзінің кінәсін толық мойындады, жасаған ісіне өкініш білдірді.

Сот ЖКО ісі бойынша істі қарады

12/04/2024

3911-24-00-1/78

Қостанай қаласының №2 сотында автокөлікті басқарушы адамның абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін Т. - ға қатысты қылмыстық іс қаралды (ҚК 345-бабы 3-бөлігі).

Сотта анықталды:

Үкім өзгеріссіз қалдырылды

11/04/2024

Қостанай облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Қостанай қаласы прокурорының апелляциялық шағымы және жәбірленуші Ж.-ның, оның өкілінің апелляциялық шағымы бойынша ҚК 104-бабы 1-бөлігі бойынша бар диджейі Ф-ға қатысты қылмыстық істі қарады (абайсызда адам өліміне әкелу).

Қостанай қаласының №2 сотының үкімімен Ф. ҚК-нің 104-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасауда кінәсіз деп танылды.

Пара алу фактісі бойынші іс қаралды

11/04/2024

ДЕЛО №3911-23-00-1/335

Қостанай қаласының №2 сотында бұрынғы полиция қызметкерлері И. және. А.-ға қатысты құқық қорғау органы қызметкерлерінің алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобымен бопсалау жолымен пара берушінің пайдасына заңсыз әрекетсіздіктері үшін бірнеше рет ақша түріндегі пара алу фактісі бойынша  қылмыстық іс қаралды (ҚК 366-бабы 3-бөлігі 1, 2, 4-тармақтары).

 

Сотта анықталды:

Жасалған ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде білім беру мекемесінде ӘРПК ережелері бойынша кездесу

10/04/2024

Қостанай облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы М. Жанбекова «ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы» РММ «Әкімшілік рәсімдер: қағидаттар мен тәртіп» тақырыбында дәріс өткізді.

Дәріс барысында мемлекеттік органдар, лауазымды тұлғалар жүзеге асыратын әкімшілік рәсімдердің проблемалық мәселелері, оларды шешу жолдары, принциптері мен тәртібі талқыланды.

Беттер