Азаматшаны жасыл дәрімен жуынуға мәжбүрлеген такси жүргізушісіне қатысты іс сотта қаралады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қостанай қаласының №2 сотына ҚР ҚК 293-бабы 1-бөлігі (бұзақылық, яғни қоғамдық тәртіпті қоғамды құрметтемеу анық көрінетін, азаматтарға күш қолданумен не оны қолдану қатерін төндірумен, сол сияқты бөтеннiң мүлкiн жоюмен немесе бүлдiрумен не барынша арсыздықпен ерекшеленетiн әдепсiз әрекеттер жасаумен ұштасқан аса қатыгездікпен бұзу) бойынша айыпталып отрылған  "Пегас" таксиінің 30 жастағы жүргізушісіне қатысты қылмыстық іс түсті. 

Іс материалдары бойынша, ағымдағы жылдың 10 ақпанында сағат 15.00 шамасында Б. Нариман базары маңынан қоғамға құрметтемеушілік көрсетіп, қоғамдық тәртіпті бұзып, бұзақылық ниетпен 1987 жылы туған көлікке отырушыға екі рет соққы жасаған. Нәтижесінде, жәбірленушіге жеңіл дене жарақатын салған. 

Өзінің қоғамдық орындағы әдепсіз әрекетін жалғастырған айыпталушы оны телефонының бейнекамерасына түсіріп, таныстарына жолдаған. 

Іс бойынша басты сот отырысы 25 сәуірде сағат 10.00-де болады.

 

Источник: 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі