Қостанай қалалық сотында "Ашық есік күні" өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сотқа келушілерді қалалық сот төрағасы Мұрат Найманов қабылдап, азаматтардың сауалдарын тыңдап, тиісті жауаптарын берді.

Мәселен, зейнеткерлік жастағы азаматша К. немересінің оқуына алимент өндіру мәселесімен сотқа келді. Баланың ата-анасы заңды некелерін бұзған, ал ортақ бала әжесінің тәрбиесіне қалған. Қарт кісі немесерінің барлық шығыны мен оқуын өз мойнына алған. Бүгінде несересі колледждің соңғы курсында оқиды. Ата-анасы қаржылай көмек көрсетпейтін студенттің оқу ақысын төлеуде мәселелері туындап отырған көрінеді. Қаражат төленбегендіктен оқудан шығарып жіберуі мүмкін. Әкесінен көмек жоқ, анасы уақытша жұмыссыз.

Осы себепті зейнеткер немересінің мүддесі үшін алимент өндіру туралы шағымымен сотқа жүгінуге шешім қабылдаған. Төраға М.Найманов кәмелеттік жасқа толған студенттің өзі азаматтық іске тараптың бірі ретінде қатысып, сотқа шағым жаза алатынын түсіндірді.  Кездесу барысында туындаған мәселе бойынша толық жауап ала алған зейтенкер ризашылығын білдіріп, алғыс хат жазып қалдырды.
 

Источник: 
Қостанай қалалық соты