Қостанай облыстық сотында такси жүргізушісін өлтіргендердің апелляциялық шағымы қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Қостанай облыстық сотында сотталушылар П.Смоляков пен В.Донцовтың жазаны жеңілдетіп, бас бостандығынан айыру мерзімін азайту туралы апелляциялық шағымы қаралды.
Өткен жылдың 14 тамызында 21-22 жастағы екі жігіт Қостанайдан 8 000 теңгеге такси жалдап Әулиекөл ауданынан бармақ болған. Аудан орталығына жақындаған такси жүргізушісі ауыл ішіне кірмес бұрын такси қызметінің ақысын төлеуді талап еткен.  Қалталарында ақшалары жоқ П.Смоляков пен В.Донцов жүргізушіге шабуыл жасап, оны өлтіріп тынған.
Жасаған қылмыстары үшін екі жігіт Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен ҚР ҚК
192-бабы 3-бөлігі 2-тармағы, 99-бабы 2-бөлігі 7,8-тармақтары, 384-бабы 3-бөлігі бойынша айыпты деп танылып,  П.Смоляковқа мүлкін тәркілеп қатаң тәртіптегі колонияда 18,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы,  В.Донцовқа - мүлкін тәркілеп қатаң тәртіптегі колонияда 17 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған болатын. Жәбірленуші тарапқа екеуінен 2 млн. теңге моральдық залал өндірілген.
Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы істі қарап бірінші сатылы сот үкімін өзгеріссіз қалдырды.
Сот үкімі заңды күшіне енді.
Источник: 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі