Қостанайда анасына тіл тигізген 38 жастағы азамат 8 тәулікке қамауға алынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

  Қостанай қаласының әкімшілік істер жөніндегі мамандандырылған соты ҚР ӘҚБтК 73-бабы 2-бөлігі бойынша (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер)  айыпталған 38 жастағы К-ге қатысты істі қарады.

Ағымдағы жылдың 20 ақпанында сағат 18.00 шамасында Қостанайда өз үйінде К. жанжал шығарып, анасына тіл тигізіп, осылайша соңғы бір жылда екінші рет әкімшілік құқық бұзушылық жасаған.

Сот отырысы барысында өз кінәсін мойындаған К. отбасындағы келіспеушілік пәтер үшін туындайтынын айтты.  

Сот азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартып, 8 тәулікке қамауға алу жазасын тағайындады.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

 

Источник: 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі