Облыстық сотта аса ірі көлемде есірткі сатумен айналысқан қылмыстық топ жұмысына қамқорлық көрсеткен экс-полицейге қатысты сот үкімі өзгеріссіз қалды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қостанай облыстық соты сотталушы Ж.Байтұрсыновтың адвокатының шағымы бойынша қылмыстыі істі қарады. Адвокат сот үкіміне сай сотталушының меншігіндегі мүлікті тәркілеу бөлігін өзгертуді сұраған.  

Ағымдағы жылдың 16 қаңтарында Қостанай қалалық №2 соты Қостанай қаласы ішкі істер басқармасының Оңтүстік полиция бөлімінің бұрынғы жедел өкілі 1987 жылы туған Жарас Байтұрсыновқа қатысты сот үкімін жариялаған болатын.

Іс материалдары бойынша, 2011-2012 жылдар аралығында ұйымдасқан қылмыстық топ мүшесі болмаса да Б. бүгінде бас бостандықтарынан айырылған Алевтина Петренко, Надежда Киселева мен Резида Асылбаева әрекеттерін, топтың басшылық бағанасын, заңсыз есірткі саудасын жүргізу әдістерін егжей-тегжейлі білген.

Нақтырақ, бұрынғы полиция қызметкері қызметтік лауазымын асыра пайдаланып қылмыскерлердің қалада аса ірі көлемде героин өткізуіне ықпал етекен. Осылайша ол сыбайлас жемқорлық әрекетін жасаған.  Қылмыстық топқа көрсеткен қамқорлығы үшін ол тұрақты түрде топ басшыларынан ақшалай және героин түрінде сайақы алып отырған.

Сот үкімімен Ж.Байтұрсынов қылмыстық әрекетте айыпты деп танылып, оған 3 жыл 9 ай бас бостандығынан айыру, 7 жыл мерзімге құқық қорғау органдарында жұмыс істеу құқығынан айырып мүлкін тәркілеу жазасы тағайындалып, полиция лейтенанты арнайы шенінен айырылған болатын.

 Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы сот үкімін өзгертуге негіз таппады. Облыстық соттың сот алқасының қаулысымен үкім өзгеріссіз қалды.

 

 

Источник: 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі