Сот әкімдік қызметкеріне қатысты сот үкімін шығарды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қостанай облысының Таран аудандық соты «Таран аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ-нің басшысының міндетін атқарушы 1983 ж.т. Т.Досмұхамбетовке қатысты ҚР ҚК-нің 366 бабының 2 бөл. бойынша (пара алу) сот үкімін шығарды.

Тергеу материалдары бойынша, 2015 жылдың маусым айының басында «Таран аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ басшысының міндетін атқарушы Досмұхамбетовке  жеке кәсіпкер  А. кәсіпкерлікпен айналысу мақсатында жер бөлуді өтініп келеді.

Жер телімдерін пайдалануға рұқсат беру өзінің қызметтік құзіретіне кіретіндігін  қылмыстық пиғылда пайдалануды ойлаған бөлім басшысы кәсіпкердің жер телімін алу құжаттарын жедел  дайындау үшін жеке басының пайдасы үшін одан «I Phone-5S» маркалы ұялы телефон түрінде пара беруді талап етеді.

Ал кәсіпкер А. қызметтік лауазымына орай Досмұхамбетов жер телімін алуға көмек көрсетер деген оймен мемлекеттік қызметкер талаптарына келіседі.

Алайда барада бірер күн өткен соң кәсіпкер Досмұхамбетовтың  әрекеті заңсыз екенін ұғынып сыбайлас жемқорлыққы қарсы күрес агенттігі органына жазбаша жүгінеді.

9 шілдеде сағат 13.30 шамасында Рудный – Лисаковск тас жолының 23 шақырымында орналасқан «Көктем» шатханасында «Таран аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ басшысының міндетін атқарушы Досмұхамбетов  кәсіпкерден құны 145 мың теңге болатын «I Phone-5S» маркалы ұлы телефонды алған. Есесіне ол кәсіпкердің жер телімін алуына рұқсат беретін қажетті құжаттарға қол қойып, оны беруі керек, яғни өзінің қызсеттік міндетін қатқаруы керек болған.

Параны алған саң сағат 13.40 шамасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі қызметкерлерімен жүргізілген тергеу шарасы барысында Досмұхамбетов ұсталған.

Сот үкімімен Т.Досмұхамбетов ҚР ҚК-нің 366 бабының 2 бөл. бойынша пара алуда айыпты деп танылып, алынған пара құнынан алпыс есе артық көлемде – 8 701 200 теңге айыппұл салу, мүлікті тәркілеу және өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. 

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Таран аудандық соты