Жангелдин аудандық сотында брифинг өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жуырда Жангелдин аудандық сотында 2017 жылдың бірінші тоқсанында сот төрелігін жүзеге асыру жұмысының қорытындысы бойынша аудандық БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізілді.

Кездесу барысында сот төрағаның м.а. А.Кожаков аудандық сотта қаралған істер бойынша статистикалық мәліметтерге тоқталып, Қостанай облыстық сотының 2017 жылғы 1 тоқсанында сот төрелігін жүзеге асыру бойынша судьялардың кеңейтілген мәжілісінде айтылған мәселелер мен тапсырмаларды атап көрсетті.

      Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының азаматтық сот ісін жүргізуде міндетті медиацияның пилоттық жобасы іске асырылуы және «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңын орындалуы бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталды.

Брифинг барысында нақты талқыланатын сұрақтар тізімі белгіленіп, оларға БАҚ өкілдері толық жауап алды.

Соттағы кезекті брифинг Жангелдин ауданында сот жүйесінің қызметінің ашықтығы мен қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында өткізілді.

Қайнар: 
Жангелдин аудандық соты