Қостанай облыстық сотында өңірлік БАҚ өкілдерінің қатысуымен брифинг өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Қостанай облыстық сотында өткен жылғы сот төрелігін жүзеге асыру қорытындысына арналған бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен брифинг өткізілді.

Шараға алқа төрағалары Арман Шәмшиев пен Владимир Долгих, БАҚ-пен жұмысты үйдестіруші судья Гүлманат Артықбаева қатысып, 2016 жылдың 12 айындағы облыс соттарында қаралған істер саны мен сапасына  тоқталды.  

Сонымен, статистикалық мәліметтерге тоқталар болсақ, облыс соттарымен барлығы 3937 қылмыстық іс қаралған, оның үшеуі бойынша алқабилердің қатысуымен үкім шығарылған. Бұған қоса, 3235 санкциялау туралы, 2398 өзге де материалдар қаралған. Сот үкімімен ақталғандар саны 2015 жылғы 41 тұлғадан өткен жылы 93-ке дейін артты.

          Медиатордың қатысуымен қаралған істер саны да артып, 2015 жылы 765 іс болса, 2016 жылы 934 қылмыстық іс мадиатор көмегімен қаралды.

Сонымен қатар, қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы А.Шәмшиев қаралып отырған мерзім ішінде 59 тұлға сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыс жасағаны үшін сотталғанын мәлімдеді. Олардың 22-не айыппұл төлеу түріндегі, 30 сотталушыға бас бостандығынан айыру, 4 адамның бас бостандығн шекте, 2 тұлғаға шартты жаза тағайындалған.

          Азаматтық істерге тоқталар болсақ, былтырғы жылы 103338 азаматтық іс пен материал қаралған. Шешім шығарумен 22499 іс аяқталып, 24979 іс  бойынша сот бұйрығы шығарылған. Сондай-ақ, облыс соттарында 24100 әкімшілік іс қаралды.

Брифинг барысында сот төрелігін жүзеге асырудың негізгі тұстарымен қатар сот жүйесіндегі жаңалықтар да айтылды. Оның бірі 2017 жылдан бастап азаматтық даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаның республика соттарында іске қосылуы. Аталған жобаға сәйкес, міндетті медиацияны қолдануға мұрагерлік, неке бұзу және мүлікті бөлу, үйден шығаур және кондоминимумды басқару, несие алу келісім-шарттары, кейбір еңбек даулары, т.б. даулар жатады. Пилоттық жоба ювеналдық, мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттарда және азаматтық істерді қарайтын аудандық және оған теңестірілген соттарда жүзеге асатын болады.

Журналистер сауалдарына жауап берген азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Владимир Долгих Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасы Қ.Ә.Мәми Қазақстан сот жүйесінің көрсеткіштерін халықаралық рейтингте жақсартуға арналған 2017 жылы жүзеге асырылатын іс-шаралар жоспарын бекіткенін атап өтті.   

Сонымен қатар, судьялар БАҚ өкілдерінің қоғамдық резонансқа ие болған істерге қатысты сауладарына жауап берді.

 

 

Источник: 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі