Кәмелеттік жасқа толмаған жолаушының қазасына кінәлі жүргізуші 3 жылға сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қостанай облысының Жітіқара аудандық соты 24 жастағы Александр Шевчукке қатысты қылмыстық істі қарады.

Осы жылдың 7 тамызында ағайынды Шевчуктар шатханада сыра ішіп отырып, қайтар жолда сол жерде болған екі бойжеткенді үйлеріне жеткізіп салмақ болады.

Көлікті жүргізген А.Шевчук Жітіқара қаласына кіре берістігі Ш.Уалиханов көшесінің бойында тас жолдың шиыршық таспен жабылған шетіне шығады. Нәтижесіне жүргізуші рөлге ие бола алмай көлік жолдан шығып кетіп, төрт мәрте айналып түседі. Жол-көлік оқиғасы салдарынан көліктің алдыңғы орындығында отырған 15 жастағы Ф. қаза табады.

Артқы орындықтарда ортырған А.Шевчуктің інісі мен екінші қыз түлі жарақатпен  Жітіқара аудандық ауруханасына жеткізілген.  

Сот үкімімен Александар Шевчук ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі (көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуынан абайсызда адам өліміне әкеп соғу) бойынша айыпты деп танылды. Жәбірленушілер оған бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза тағайындауды сұраған.  

Сот айыпталушыға қоныс колониясында 3 жылға бас бостандығынан айыру және 5 жылға көлік жүргізу құқығынан айыру жазасын тағайындады.  Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі