Науырзым аудандық сотында «Ашық есік күні» өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

 

2014 жылғы 17 сәуірде Науырзым аудандық сотында Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңын қолдану практикасының мәселелері бойынша «Ашық есік күні» өтті.

Азаматтарды Науырзым аудандық сотының төрағасы А.О.Смайлов қабылдады. Ашық есік күніне Қараменді ауыл тұрғыны Ф.Смаглюк келді.

Төраға медиация тәртібінде дауды реттеу үшін азаматтар кәсіби емес медиаторларға жүгіне алатындарын, ал дауды сот тәртібінде шешу үшін азаматтарға көптеген құжаттар жинап, мемлекеттік баж салығын төлеу қажеттігін,  медиация тәртібінде ондай талаптар жоқтығын түсіндірді.

Сонымен қатар, Салық комитетінің маманы А.Кадыржанов сұрағымен жүгінді.

Төраға келгендердің сұрақтарына жауап беріп, медиация тәртібінде дауды реттеу мүмкіндігі мен тәртібін, азаматтарға оның оңтайлы тұстарын егжей-тегжелі түсіндіріп өтті.

Өздерін толғандырып жүрген мәселереге қатысушылар толық жауап алды.