Дене жарақатын келтіргені үшін 20 тәулікке қамалды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қостанай қаласының мамандандырылған әкімшілік соты 2014 жылғы 22 сәуірде ҚР ӘҚБтК-нің 79-3 бабы 2-бөлігі бойынша азамат В.-ға қатысты әкімшілік істі қарады.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамасына сәйкес, 2014 жылғы 16 сәуірде сағат 15.00 шамасында азамат В. үйінде өзара келіспеушіліктің туындауынан 1930 жылы туған анасына дене жарақатын салған, сарапшының қорытындысына сәйкес азамат В. 3 аптадан аспайтын мерзімге денсаулығының қысқа уақыт бұзылуы белгілері бойынша жеңіл дене жарақатын келтірген. Осылайша, азамат В. ҚР ӘҚБтК-нің 79-3 бабының 2-бөлігінде қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылықты жасады.

Сот оны 20 тәулік мерзіміне дейін әкімшілік қамауға алу түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.